Маңғыстау облысының балабақшаларынан жүздеген заңбұзушылық анықталды
Маңғыстау облысында мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларда жүздеген заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды 24kz.
Маңғыстау аудандық прокуратуасының тексеруі негізінде 20-дан астам түрлі кемішілік анықталды. Прокурорлар бір ай бойы санитарлық және білім беру талаптарын, өрт қауіпсіздігі мен медициналық қызмет нормаларын тексерді. Нәтижесінде аудандағы балабақшалардан мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер, талапқа сай келмейтін ойын алаңдары табылды. Сонымен бірге еңбек заңнамасының бұзылу деректері анықталды.
Азамат Қошев, Маңғыстау ауданының прокуроры:
- 111 әкімшілік іс қозғалып, 19 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар бір жекеменшік балабақша директорының балабақшаға бармаған балалар үшін 6,5 млн теңге бюджет қаражатын негізсіз алғаны анықталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс тіркеліп, тергеп-тексеру қортындысымен сотқа жолданды.