Екібастұздағы оқиғадан кейін бес адам дәрігер көмегіне жүгінді

Екібастұз қаласында сауда үйінің төбесі опырылып түсті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша төбедегі гипсокартон 150 шаршы метр алаңға құлаған. 5 адам медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлер түрлі жарақатқа байланысты амбулаторлық ем тағайындады. Оқиға орнында төтенше жағдайлар министрлігі мен басқа да жауапты органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.