«Жомарт» шахтасындағы апат: 7 жұмысшы үйінді артында қалды
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Жомарт» кенішінде апат болды. Шахтада тау массасы опырылып, жеті жұмысшы үйінді артында қалды. Бұл туралы «Қазақмыс корпорациясы» мен Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-каналы хабарлады.
Қазіргі уақытта жұмысшылармен байланыс жоқ. Оқиға орнында апатты-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнында Ұлытау және Қарағанды облысының құтқарушылары, кинологтар, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмыс істеп жатыр.
«Жедел желі» телефонының нөмірі: 8 (7271) 55-96-21.