Қостанай облысында қар құрсауынан 98 адам құтқарылды

Қостанай облысында қар құрсауында қалып қойған 98 адам құтқарылды, деп хабарлайды 24kz.

Оның 18-і балалар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Жолаушылар Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде тұрып қалған. Құтқарушылар сегіз жеңіл көлікті жолдың тазартылған аумағына сүйреп шығарды. 7 адам жылыту бекетіне жеткізілді. «СарыкөлКомсомольское» тасжолында бөгеліп қалған жеңіл көліктегі азаматтарға көмек көрсетілді. Сондай-ақ Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 21 адам эвакуацияланды.