Дөң тау-кен байыту комбинатында төрт адамды күйік шалды
Ақтөбе облысы Хромтаудағы Дөң тау-кен байыту комбинатында төтенше жағдай болып, 4 адамды күйік шалды.
Оқыс оқиға «Болашақ» шахтасындағы кен өндіру блогында болған. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұрғылау жұмыстары кезінде ауа кеңістігі тұтанған. Қазір зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Апаттың себептері анықталып, жою жұмыстары аяқталғанша шахтадағы кен өндіру жұмыстары тоқтатылды.
Бауыржан Асауов, Ақтөбе облысы ПД тергеу басқармасының басшысы