Семейде күнбағыс қоймасынан өрт шықты
Семейде күнбағыс тұқымы сақталған қойманың шатыры отқа оранды, деп хабарлайды 24kz.
Дәл қазір өрт сөндірушілер қызыл жалынның таралу қаупін азайту үшін құрылыс материалдарын бөлшектеп, су сеуіп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына 23 техника және 65-ге жуық жеке құрам жұмылдырылды. Сонымен қатар өрт сөндіру пойызының көмегі қажет болды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.