Ақтөбе облысында 12 адам қар құрсауынан құтқарылды

Ақтөбе облысында 12 адам құтқарылды.

Бұл аймақта да боран соғып тұр. Кеше Жылтыр ауылы маңында 2 жеңіл көлік жолда қалған. 

Бұдан бөлек «Қандыағаш-Ырғыз» тас жолында құтқарушылар тағы 5 көлікті қар құрсауынан сүйреп шығарды. Төтенше жағдайлар қызметі жолаушылар аман-есен деп хабарлайды. Олар одан әрі жолға шыққан.