Қаскелеңде қыз зорлады деп айыпталған күдікті сот аумағынан қашып кетті

Қазір Алматы облысының тәртіп сақшылары оны іздестіріп жатыр.

Полицияның мәліметінше, қашқын бүгін сағат 11:00 шамасында қолындағы кісенін шешіп, көліктен секіріп, түсіп кеткен. Өңірде оны ұстау үшін дабыл жүйесі іске қосылған. Осы орайда полиция азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, күдіктіге қатысты ақпарат болса, 102 номеріне хабарлауды сұрайды.     

Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД бөлім басшысы