Алматыда шетелдік алаяқтар ұсталды

Алматыда шетелдік үш азамат ұсталды.

Олар адамдарды алдап, алаяқтықпен айналысқан. Бұл жайлы қалалық қаржы мониторинг агенттігі хабарлады. 

Тінту барысында алты  арнайы бокс, 5 мыңнан астам SIM-карта табылған. Бұл арқылы алаяқтық схемаларда кең көлемде қоңыраулар жасап, хабарламалар жіберіп және абоненттік нөмірлерді өзгерткен. Қазір күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:  

- Аталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстык кодексінің 213-бабы 2-бөлігі бойынша «ұялы байланыс абоненттік құрылғысының идентификациялық кодын заңсыз қолдану, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту және идентификациялық кодты өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату» қылмыстық ісі тіркелді.