Ұлытауда кенді заңсыз қазған кәсіпкер сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша жергілікті тұрғын 2020-2023 жылдар аралығында «Шығыс Қаражал» карьерінен лицензиясыз және келісімшартсыз 16 мың тонна марганец өндірген, деп хабарлайды 24kz.

Табысты заңдастыру мақсатында жалған келісімдер жасап, пайдалы қазбаны елде және Ресейде сатқан. Осылайша, мемлекетке 1,1 миллиард теңгеден аса шығын келген. Тергеу барысында күдікті кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі

- Сауданың нәтижесінде қылмыстық табыс 3,5 миллиард теңгеден асты.Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ оның 97,8 миллион теңгеге бағаланған мүлкі, соның ішінде 5 автокөлік пен ауыл шаруашылығы қожалығы тәркіленді.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.