Ұлытау өңірінде киіктер аштан қырылды
Ұлытау облысының аумағында киіктер аштан қырылған, деп хабарлайды 24kz.
Өлекседен сынама алған зоология институты мамандары осындай қорытынды шығарды. Зерттеу нәтижесі ақбөкендердің аштықтан әлсіреп өлгенін дәлелдеді. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары: «Бұл – табиғи құбылыс», - дейді. Қыста қырылған киік өлекселері қазір жиналып жатыр. Бүгінге 16 мың өлексе жойылды. Бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін.
Закария Тұралиев, Ұлытау облысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
- Зоология институтының қорытындысы бойынша ешқандай инфекциялық ауруға нәтиже жоқ. Тек осы қыс мезгілінде қардың қалыңдығынан, «подножный корм» дейді ғой, соған жағдай болмаған соң әлсіреп, табиғи жолмен өлген.