Алматыдағы марафонда қайтыс болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі
Almaty Half Marathon кезінде екі қатысушы қайтыс болды.
Бұл туралы халықаралық жүгіру шарасының ұйымдастырушылары хабарлады. Олар 84 және 21 жастағы қала тұрғындары екені белгілі. Екі азамат та 21,1 шақырым қашықтықты еңсеруге қатысқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер реанимациялық шаралар жасады, бірақ нәтижесіз. Қатысушылар өкпе артериясының тромбоэмболиясынан көз жұмған. «Қаза тапқан екі азамат та бұрын марафонға қатысып, қашықтықты сәтті бағындырған», - деді ұйымдастырушылар. Қордың атынан қайтыс болғандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі.
Салтанат Қазыбаева, «Алғашқы болу – батылдық» қорының атқарушы директоры:
- Марафонға тіркелу кезінде қатысушылар өз денсаулығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алатынын және дәрігерден тексеруден өткені жөнінде қолхат толтырады. Әрине, өкінішті. Біз қайтыс болған азаматтардың туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Қажетті көмекті көрсететін боламыз.