Қарағанды облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Қарағанды облысындағы Айнабұлақ ауылы маңында табиғи өрт тіркелді, деп хабарлайды 24kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркі аумағында құрғақ шөп пен орман алқаптары жанған. Қауіпті аймақтағы өртке қарсы күреске 157 құтқарушы, 26 арнайы техника, бір дрон және төрт тікұшақ жұмылдырылды. Әуе техникасымен су шашу жұмыстары күні бойы тоқтаусыз жүргізілді. Бұл шаралар өрттің таралуына жол бермей, оның оқшаулануына септігін тигізді. Қазір елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ.