Қарағанды облысында үш балықшы құтқарылды

Қарағанды облысында үш балықшы құтқарылды.

Бүгін Осакаров ауданындағы Қаныш Сәтбаев атындағы каналда қатты желдің салдарынан үш балықшы өз бетінше жағаға жете алмай қалған. Абырой болғанда, құтқарушылар оқиға орнына дереу аттанып, балықшылар жағаға аман-есен жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қолайсыз ауа райы жағдайларында табиғатқа шығу кезінде сақ болуға шақырады.

- Бізді құтқаруға келгендері үшін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне алғыс айтқым келеді.