Ақтөбеде 10 жасар бала тоққа түсті
Шалқар қаласында шағын саябақта, тоққа түскен бала жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды 24kz.
Жеткіншектің жағдайы ауыр. Салалық мамандардың қатысуымен консилиум өткізілді.
Айта кетейік, дәрігерлердің шешімімен бала санавиация арқылы Ақтөбе ауруханасына жеткізілді. Бала қатты шок алып, сол жақ беті күйіп қалған. Жауаптылардың айтуынша, аймақтағы саябақ 1 ай бұрын қолданысқа берілген. Баланың ол жерде кіммен жүргені белгісіз. Қазір полиция қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр.
Қаржаубай Қалжан, Шалқар қаласы әкімінің орынбасары:
- Бала Шалқар қаласы І.Үргенішбаев көшесінің бойында орналасқан ескерткіштің қоршауындағы жарық шамына өрмелеп мініп, ойнап жүрген кезде тоққа түсіп қалған. Оны жедел жәрдем көмегімен Шалқар ауданы ауруханасына жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.