Ақмола облысында пара алды деген күдікпен басқарма басшысы ұсталды

Ақмола облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы «пара алды» деген күдікпен ұсталды.

Бұл жайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталып кетті. Сондай-ақ күдіктіге бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі де қарастырылып жатыр.