«Big Шанхай» базарындағы өрт: кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

Осы «Big Шанхай» базарындағы өрттен жапа шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетін болды. Аталған жағдайға байланысты арнайы штаб құрылды. Жұмыс тобының қатарында Төтенше жағдайлар, Полиция департаменттерінің, әкімдіктің, Кәсіпкерлік басқармасының өкілдері, банк, салық органдары және базар әкімшілігінің қызметкерлері  бар. Тараптар кәсіпкерлерге бизнесін қалпына келтіру, жалдау, салықтық және банктік міндеттемелер бойынша кеңес береді.

Сондай-ақ қазір салық пен банктегі берешектерді кейінге шегеру мәселесі қарастырылып жатыр. Ол үшін зардап шекккендердің тізімі түзіліп, тиісті тараптарға жолданды.

Тоғжан Түйтебекова, базар әкімшілігінің қызметкері:

- Қазіргі болып жатқан жағдайларға байланысты арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздегі толық кәсіпкерлер олар жұмыссыз қалмайды. Арнайы орындар беріледі. Барлығын қайта қалпына келтіреміз, қарастырамыз. Сондықтан әлі де жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі олардан шыққан шығындарын, барлығын арнайы жазып, бізге тапсырып жатыр, арнайы жасақ жұмыстары жүргізіліп жатыр.