ШҚО-да жер сілкінді
Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді.
Сейсмологиялык зерттеу институтының ақпаратына сәйкес түскі сағат 3 жарым шамасында Алматы қаласынан 800 шақырымға жуық қашықтықта сейсмикалық жағдай тіркелді. Нақтырақ айтсақ, Абай мен Шығыс Қазақстан облысында 2 мен 4 балдық көрсеткіш аралығында жер сілкінген. Жерасты дүмпулері 20-ға жуық ауданда сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер тіркелген жоқ.