Шұғыл: тау бөктеріндегі өрт толық сөндірілді. Тікелей эфир

Алматыдағы тау бөктерінен шыққан өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, өрт Медеу ауданы Кеңсай-1 аумағында тұтанған. Жалын шарпыған 15 гектар жер алдын ала оқшауланған болатын. Бірақ таулы жер бедері, тік жартастар өртті сөндіруге қиындық тудырған. Арнайы техника үшін жол қатынасының қолайсыздығы да жағдайды күрделендіре түскен еді. Соған қарамастан төтенше жағдайлар министрлігі ебін тауып, тілсіз жауды үдетпей, ауыздықтап үлгірді. 

Гүлжан Көленқызы, тілші