Алматыда бойжеткен биік ғимараттан құлап кетті

Алматы полициясы биік ғимараттан құлаған қыздың өліміне қатысты тергеуді бастады. Әлеуметтік желідегі ақпар бойынша бойжеткен 14-ші қабаттан секіріп кеткен. Марқұм Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті болуы мүмкін.

Қалалық полиция оқиғаның Бостандық ауданында болғанын растады. Алайда қайғылы жағдайдың жай-жапсарын жария етпеді. Тәртіп сақшылары расталмаған ақпарат таратпауға және ресми дерекке сүйенуге шақырды.