Алматы облысында жоғалған тікұшақтағы үшінші адамның мәйіті табылды
Алматы облысында жоғалған тікұшақтағы үшінші адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Марқұм Аман Амангелді экипаж командирінің көмекшісі болған.
Еске сала кетейік, 25 шілдеде ЕС-145 әскери тікұшағы Сорбұлақ су қоймасы маңында радардан жоғалып кетті. 10 тамызда экипаж командирі Нұржігіт Үйсінбаевтың, ал 11 тамызда борт технигі Бақтияр Ержігітовтің жансыз денесі табылды. Опат болған ұшқыштардың үшеуі де Әуе қорғаныс күштері әскери институтының түлегі. Қазір тікұшақ бөліктерін іздеу және апаттың себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.