Павлодарда аса ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Павлодарда аса ірі көлемде есірткі сақтаған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды 24kz.

Кенжекөл ауылында өткізілген арнайы операция барысында одан өсімдік тектес зат салынған 5 вакуумды орама, электронды таразы және вакуумдық орау құрылғысы тәркіленген. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 10 миллион теңгеден астам қаржы, 19 мың АҚШ доллары, ұялы телефон, ноутбук, және егуге арналған өсімдік тұқымы анықталып, айғақ зат ретінде алынған. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Михаил Пьянзин, облыстық ПД басқармасының аға жедел уәкілі:

- Сараптама нәтижесіне сәйкес анықталған заттың кептірілген марихуана екені белгілі болды. Күдіктіге қатысты «Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау және сату мақсатында тасымалдау»  бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.