Ақмола облысында 10 жасар балаға найзағай түсіп көз жұмды

фото: Depositphotos.com

Ақмола облысында екі балаға найзағай түсіп, салдарынан бір бала қаза тауып, екіншісі жарақат алды, деп хабарлайды 24kz.

Қайғылы оқиға Біржан сал ауданының Үлгі ауылында болған.

2015 жылы туған бала оқиға орнында қаза тапты. Оның үлкен досы, 2010 жылы туған бала ауыр жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.

«Бұл дерек бойынша Біржан сал ауданының полиция бөлімінде тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық жағдайы анықталып, толық ақпарат жиналуда», - деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.