Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес оған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған түрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған. Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.

«Заңға сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды делінген», - хабарламада.