Елімізде екі ірі жол апатынан 15 адам қаза тапты

фото: ҚазАвтоЖол

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды 24kz.

Тағы біреуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдай Алматы – Өскемен тас жолындағы Көлбай ауылы маңында түнгі уақытта болған. «Апатқа жеңіл көліктің қарсы бағытқа шығып, екі көлікпен соқтығысуы себеп болды», - деген болжам жасалып отыр.

Жасұлан Байкенов, облыстық ПД бастығының орынбасары:

- Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған мән-жайды толық анықтау үшін сотқа дейін тергеп-тексеру амалдар жүргізілуде. Жол апатының нақты себептері анықталуда. Қарастырып жатқан жылдамдықты арттыру және жол ережелерін бұзу бар.

Өткен түні Қарағанды облысында да жол апаты болып, 5 адам көз жұмды. Қарағанды – Аягөз – Боғас автожолының Шешенқара ауылы маңында жеңіл көлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Сөйтіп, жүйткіп келе жатқан көлікпен соқтығысқан.