Павлодардағы мектепте бірнеше бала химиялық күйікпен аурухана түсті
Павлодар мектептерінің бірінде де келеңсіз оқиға тіркелді, деп хабарлайды 24kz.
Алтыншы сынып оқушылары дене шынықтыру сабағында құбыр тазалауға арналған зат, газдалған сусын және сұйықтығы бар пластик құтымен футбол ойнаған. Салдарынан құты жарылып, ішіндегі химиялық сұйықтық оқушыларға шашыраған. Салдарынан бірнеше баланы күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарының әрекеті арнайы комиссия отырысында қаралатын болады. Тергеу барысында оқу орнының іс-әрекетіне де құқықтық баға берілмек.
Қаһарман Баймұратов, облыстық балалар ауруханасының комбустиолог-дәрігері:
- Мектептен жедел жәрдем қызметі арқылы денесінің әртүрлі жерін химиялық күйік шалған жеті бала жеткізілді. Абырой болғанда, күйіктің көлемі мен тереңдігі үлкен болмаған. Қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетілді.