Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді
Алатау қаласына қарасты Әли ауылының маңында қоқыс полигоны өртенді, деп хабарлайды 24kz.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметі, полиция мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Жауаптылардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазір өртенген аумаққа топырақ төгіліп жатыр. Оқиғаның себебі анықталуда.
Әділ Ағытаев, облыстық ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы:
- Оқиға орнында жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарын қоса алғанда, жеке құрамнан 75 адам және 40-тан астам техника жұмылдырылды.