Қарағанды облысында көлік пойызбен соқтығысты

Қарағанды облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты.

Жол апаты  Құлайғыр теміржол учаскесінде болған. 35 жастағы Audi жүргізушісі бағдаршамның қызыл сигналына қарамастан теміржол өткеліне кіріп, жүк пойызымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жүргізуші және төрт жолаушы оның ішінде бір бала ауруханаға жеткізілді. Қазір екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, бәрінің жағдайы тұрақты. Полиция осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бақытжан Құдияров, ПД баспасөз хатшысы:

- Аталған дерекке байланысты жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оның қортындысына сәйкес оқиғаға қатысушылардың әрқайсына қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады.