БҚО-да аса ірі көлемде бюджет қаржысы ұрланды

Батыс Қазақстан облысында аса ірі көлемде қазына қаржысы қолды болды.

Мемлекеттік кәсіпорынның бас бухгалтері мекеме есеп-шотындағы ақшаны бәске тіккен. Ұрланған қаржының қалғанына жаңа автокөлік сатып алған. Мемлекетке келтірілген залал 118 миллион теңге. Жалпы түрлі лауазымдағы жауапты тұлғалардың құмар ойындарға салынуы өңірде жиі кездеседі. Былтырдың өзінде прокуратура органдарының қадағалау актісі негізінде букмекерлік кеңселерді жағалап жүрген   мемлекеттік органдардың 16 қызметкері жұмыстан босатылды.

Қайрат Құлекешев, БҚО прокуратурасының басқарма бастығы:

- Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізуде. Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр, автокөлікке тыйым салынды.