Түркістан облысында екпе алған сәби бір тәулік ішінде шетінеп кетті
Түркістан облысы,Сайрам ауданына пневманияға қарсы екпе алған 8 айлық бала бір тәулік ішінде шетінеп кетті. Сегіз жыл бойы күткен перзентінен бір сәтте айырылған ата-ана тексеріс талап етіп отыр, деп хабарлайды «24KZ»
Шетінеген сәбидің анасы Майра Жұмашеваның айтуынша, вакцина егілгеннен кейін жарты сағат ішінде баланың жағдайы күрт нашарлап, құсып, әлсірей бастаған. Бала тез арада Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына жеткізілгенімен, қажетті көмек уақытында көрсетілмеген.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан арнайы бақылау комиссиясы құрылып, тиісті тексеру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс материалдары Түркістан облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитетіне жолданып, қосымша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта іс облыстық полиция департаментінің қарауында. Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.