27 жастағы қазақ жігіті Түркияда жол апатынан қаза тапты
11 мамырға қараған түні Түркияның Анталия қаласында 27 жастағы Құбат Аманбеков жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».
Түрік баспасөзінің мәліметінше, қайғылы оқиға жергілікті уақытпен түнгі сағат 3 шамасында Анталияның Серік ауданында болған. Жұмыстан велосипедпен қайтып келе жатқан Аманбековті такси көлігі қағып кеткен. Ауыр соққы жігітті бірнеше метр жерге ұшырып жіберген. Қазақстандық азамат сол жерде қайтыс болды. Ол жергілікті қонақүйлердің бірінде жұмыс істеген.
Адам қаққан такси жүргізуші ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Қылмыстық іс қозғалды.