«Казцинк» зауытындағы жарылыс: жансақтау бөлімінде жатқан жұмысшы көз жұмды

«Казцинк» зауытындағы жарылыстан зардап шегіп, жансақтау бөліміне жатқызылған жұмысшы көз жұмды.

Дәрігерлер 46 жастағы азаматты ажалдан арашалап қалу үшін аянып қалмады. Астанадан білікті мамандар шақыртылды. Науқасты «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына» жеткізу туралы мәселе көтерілді. Алайда денесінің 90 процентін күйік шалғандықтан тасымалдау мүмкін болмады. Осылайша  жарылыстан барлығы 3 адам мерт болды. Омыртқасы зақымданған бір жұмысшы елордаға  жеткізіліп, қазір қажетті ем қабылдап жатыр. Естеріңізге салсақ, 5 мамыр күні  «Казцинк» зауытындағы шаң ұстау цехында газ-ауа қоспасы жарылып, оқиға орнында екі адам көз жұмды. Бес адам жарақат алды.  Медициналық тексеруден кейін үшеуі үйіне жіберіліп, екі жұмысшы ауруханаға жатқызылған еді.