Ресейде Қазақстан азаматтары мінген көлік апатқа ұшырады
Ресейдің Оңғұдай ауданындағы Белый Бом ауылының маңында жеңіл автокөліктің аударылуы салдарынан Қазақстанның 4 азаматы, соның ішінде 15 жастағы қыз жарақат алды, деп хабарлайды «24KZ».
Алтай Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға 7 шілде күні сағат 08:00 шамасында болған. Changan X5 Plus автокөлігін басқарған 47 жастағы Қазақстан азаматы рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп аударылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен көліктегі үш жолаушы, соның ішінде 15 жастағы қыз түрлі дәрежедегі жарақатпен Оңғұдай аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы – Қазақстан азаматтары», - делінген хабарламада.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз