СҚО-дағы ірі жол апатынан 8 адам зардап шекті

Фото: instagram.com/skopetro

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл – Көкшетау автожолының Астраханка ауылы маңында Mazda және Toyota Estima көліктері қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды «24KZ».

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізушісі мен Toyota Estima салонындағы жеті адам медициналық мекемелерге жеткізілген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдық режимін асырмауды, жол және ауа райы жағдайын ескеруді, қарсы бағытқа шықпауды және көлік тізгінінде барынша мұқият болуды ескертті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз