СҚО-да бюджет қаражатын жымқырған бухгалтерлер сотталды

Фото: depositphotos.com

 Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдіктерінің бухгалтерлері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды «24KZ».

Облыс прокуратурасының мәліметінше, Есіл ауданы прокуратурасы бюджет қаржысының жұмсалуын талдау барысында заң бұзушылықтарды анықтаған.

Тергеу барысында есепшілердің бюджет қаражатын заңсыз аудару, есеп құжаттарына жалған мәлімет енгізу және қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы қаражатты иемденгені анықталған.

Сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденіп, сот үкімі шығарылды. Бухгалтерлер шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, пробациялық бақылау белгіленді.

Сонымен қатар, сотталғандарға 4 және 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметке байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз