Шерхан Аймахан сотта кешірім сұрап, денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

Коллаж: politico.kz

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта сөз алған Шерхан Аймахан қайғылы жағдайға байланысты өкініш білдірді, деп хабарлайды «24KZ».
Сотталушы Нұрай Серікбайдың ата-анасынан, туыстарынан және өз отбасынан кешірім сұрады. Сотталушы өкінішін уақытында ем қабылдамағаны үшін білдірді.

«Мен осы іс-әрекетімнен Нұрайдың ата-анасынан, ағаларынан, туысқандарынан және өзімнің әке-шешемнен, барлық әулетімнен кешірім сұраймын. Мұндай жағдайға жетеді деп ешқашан ойлаған жоқпын. Өкінемін. Бүкіл Қазақстаннан кешірім сұраймын», – деді Шерхан Аймахан.

Сотталушының айтуынша, бірнеше жыл бұрын басынан жарақат алғаннан кейін денсаулығына байланысты мәселелер туындаған. Оның сөзінше, ата-анасы оны дәрігерлерге көрсетіп қана қоймай, халық емшілеріне де апарған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз