Абай облысындағы кен орнында өрт шықты

Абай облысындағы Ақтоғай кен орнында өрт шығып, №1 кен байыту фабрикасын жалын шарпыды.

Оқиға бүгін сағат 12:00 шамасында болған. Зардап шеккендер жоқ. Өндірістік учаскеден 20 адам эвакуацияланды. Қазір тілсіз жау толығымен сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Оқыс оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.