Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте табылды

depositphotos.com

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Гвардейский гарнизоны аумағындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен жаңа туған нәресте табылды. Бұл ақпаратты аудандық полиция бөлімі растады, деп хабарлайды  «24KZ». Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, табылған сәби - қыз бала. Дәрігерлердің хабарлауынша, оның денсаулығына қатер төніп тұрған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз: