Жамбылда жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен әйел ұсталды
Жамбыл облысында жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған күдікті әйел анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында күдікті қысқа уақытта анықталған.
Ведомствоның мәліметінше, әйел кінәсін мойындады.
Еске салайық, бүгін таңертең Қордай ауданындағы Гвардейский гарнизоны аумағындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен жаңа туған сәби табылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, нәресте қыз бала. Дәрігерлер оның денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын хабарлаған.
Қазір оқиға бойынша жан-жақты, толық тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз