Ақтөбе облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

depositphotos.com
 

Ақтөбе облысында екі Toyota Camry көлігі соқтығысып, салдарынан алты адам көз жұмып қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «24KZ» облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе - Астрахань тас жолының 94-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының маңында болған. Екі Toyota Camry көлігі соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан алты адам қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті өкілдері.

Сондай-ақ оқыңыз: