Тараздағы бес қабатты үйде өрт шығып, 23 адам эвакуацияланды
Тараз қаласындағы «Жансая» шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үй өртеніп, ер адам құтқарылды, деп хабарлайды «24KZ».
Үшінші қабаттың балконынан басталған қызыл жалын, аз уақытта төртінші және бесінші қабаттардың балкондарына ұласқан.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшінші қабаттан ер адамды жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Сонымен қатар баспалдақ арқылы 8 баланы қосқанда, барлығы 23 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.