Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

кадр бейнежазбадан

Қызылордада төтенше жағдайлар қызметкерлері мұнай өңдеу зауытындағы ауқымды өртті ауыздықтады, деп хабарлайды «24KZ» облыстық ТЖД мәліметіне сүйеніп.

Қызылорда қаласындағы Шоқай көшесінде орналасқан шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыттарының бірінің аумағында сыйымдылығы 60 тоннадан болатын екі резервуар өртенді. Оларда жалпы есеппен 120 тонна мұнай өнімі болған.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте резервуарларды ашық жалын шарпыған. Өрттің көршілес жатқан үш резервуарға таралу қаупі туындады.

Өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да қызметтердің күштері мен құралдары тартылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Көршілес резервуарларды қорғау мақсатында тасымалданатын лафетті оқпандар қойылып, көбікпен өрт сөндіру тәсілі жүзеге асырылды. Бұған қосымша өрт сөндіру пойызы да жұмылдырылды. 

Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмей, көршілес үш резервуар сақталып қалды. Өрт 200 шаршы метр аумақта толықтай жойылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін өрт-сынақ зертханасы тартылды.

Сондай-ақ оқыңыз: