Баянауыл ұлттық паркі аумағында өрт шықты
Дәл қазір орман мен дала алқапқары жанып жатыр. Тілсіз жау күні кеше Қарағанды облысының Ақжар бөлімшесінде тұтанып, екпінді желмен парк аумағына дейін жеткен.
Өрт сөндірушілер түні бойы қызыл жалынмен күресті. Тікұшақ, ұлттық парктің өрт сөндіру жасағы мен барлық арнайы техникалары жұмылдырылды. Қазір өрттің таралуына жол бермеу және оны толық оқшаулау жұмыстары жалғасып жатыр.