Маңғыстауда жол апатынан 4 адам қаза тапты

Маңғыстауда 4 адам мерт болған жол апатына себепкер болған малдың иесі іздестіріліп жатыр. Кеше «Ақтау-Бейнеу» трассасында Toyota Camry көлігі жолдың үстінде қараусыз жүрген түйені қағып кеткен еді.

Қатты соққыдан машина бағытынан тайып, қарсы жолақта келе жатқан жеңіл көлікпен соқтығысады. Оқиға орнында төрт адам көз жұмып, үш жолаушы орталық ауруханаға жеткізілді. Екеуінің жағдайы ауыр. 40 жастағы науқастың миына зақым келсе, 22 жастағы жігіт те ауыр дене жарақатын алған. 30 жастағы тағы бір жолаушы травматология бөлімшесінде жатыр. Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыз: