Шымкент әуежайында бомба бар деп әзілдеген жолаушы 5 тәулікке қамалды

фото: ЖИ арқылы жасалған

Шымкент әуежайында бомба бар деп жалған ақпарат берген жолаушы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды 24KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 21 қыркүйекте Шымкент қаласының әуежайында болған. Шымкент – Астана бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде алкогольдік масаң күйдегі ер адам өзінің жүгінде "жарылғыш құрылғы" бар екенін айтқан.

Әуе компаниясының қызметкерлері жолаушыны рейстен түсіріп, көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырған. Тексеру барысында ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Әуежайда эвакуация жүргізілмеген.

Жолаушыға қоғамдық орында мас күйде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Көліктегі полиция департаменті әуежайларда және көлік инфрақұрылымы нысандарында жарылғыш құрылғылар немесе өзге де қауіп-қатерлер туралы әзіл айтуға болмайтынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыз: