Қарағандыда «Vavada» ойыншыларының 415 млн теңгесін қолма-қол ақшаға айналдырған топ ұсталды

Фото: бейнежазбадан алынған скриншот

Қарағанды облысында «Vavada» интернет-казиносы ойыншыларының ақшасын қабылдап, қолма-қол ақшаға айналдыруды ұйымдастырған топтың әрекеті тоқтатылды. Схемаға 23 дроп-шот тартылып, олар арқылы 415 млн теңгеден астам қаржы айналымы өткен. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Оның айтуынша, күдіктілер интернет-казино өкілдерімен Қазақстан аумағында ақша қабылдау және шығару бойынша келісімге келген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, топтағы адамдардың бірі схеманың жұмысын үйлестіріп, казино өкілдерімен байланыс орнатқан. Екіншісі дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарына қол жеткізуді ұйымдастырып, операторларды жинақтаған.

Қарағандыда арнайы жалға алынған кеңседе операторлар тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеген.

Схемаға барлығы 23 дроп-шот тартылып, олар арқылы 415 млн теңгеден астам сомаға операция жүргізілге», – деді Ернар Тайжан.

Екі күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ белгіленді.

Сондай-ақ соттың санкциясымен олардың мүлкіне тыйым салынған. Оның ішінде жеке тұрғын үй, екі жер телімі және Mercedes-Benz автокөлігі бар.

Қылмыстық іс сотқа жолданған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: