Өскеменде тұрғын үй ауласынан 60-қа жуық күмәнді орама табылды

Фото: ҚР Ұлттық ұланы

Өскеменде патрульдеу кезінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері 60-қа жуық күмәнді орама тапты, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға Потанин көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері аумақты патрульдеу барысында күмәнді түйіншектерге тап болған.

Орамалардың ішінде ұнтақ тәрізді белгісіз зат болған. Сырты қызыл, көк және қара түсті оқшаулағыш таспамен қапталған.

Күмәнді заттарды қатардағы жауынгерлер байқаған. Әскери қызметшілер бірден жасақ бастығына баяндап, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылған.

Табылған түйіншектер тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Мамандар олардың нақты құрамын анықтайды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: