Телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды

ЖИ

Елордада телефонға алаңдаған автобус жүргізушісі адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «24KZ».
 
Автобус жүргізушісі көлік құралын басқарып келе жатып, ұялы телефон арқылы сөйлескен кезде жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Елорда прокуратурасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады, сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалануға қатаң тыйым салынғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыз: