«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының бұрынғы басшылары ұсталды
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясындағы бұрынғы басшылық өкілдері тергеліп жатыр.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. Хабарламада компанияның экс-бас директоры Владимир Петров, оның орынбасары Қайрат Қабылов және сатып алуға жауапты Азамат Сембайдың коррупциялық қылмыс бойынша күдікке ілінгені айтылған. Ведомствоның мәліметінше, олар 9-10 қарашада ұсталып, 11 және 12 қарашада сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынған.