371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы жарылыстан екі адам мерт болды

  • 1401
Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы жарылыстан екі адам мерт болды

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жарылыс болып, екі жұмысшы қаза тапты.

Жарылыс №4 цехта болған. Зауыттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, цехта қарағандылық мердігер компания жұмысшылары гидрожүйені керосинмен тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол кезде жарылыс болып, қондырғыдан өрт шыққан. Өрт жедел сөндірілген. Екі жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан. Қазір еңбек инспекциясының қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қауіпсіздік ережелерінің қаншалықты сақталғаны тексеріледі. Әзірге жарылыс себебі анықталған жоқ.

Авторы: Ақсәуле Байменшина

Хабар 24 телеарнасы